Skip to content

Ұлттық құрылтай – елдің бірлігін нығайтып, жарқын болашаққа бастайтын маңызды…

Ұлттық құрылтай – елдің бірлігін нығайтып, жарқын болашаққа бастайтын маңызды бастама. Алқалы жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елдің алдағы даму бағыттарын айқындап, қоғамда талқыланған өзекті мәселелер мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарын қарастырды.Ұлттық құрылтай ел тұрғындарының кең ауқымды пікірі мен көзқарасы тоғысатын негізгі ұлттық диалог алаңына айналды. Бұл Президенттің жоспарына сәйкес мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып, Қазақстанның даму жолында нәтижелі де өзара тиімді ынтымақтастыққа септігін тигізеді.