⚜️ «Ақтөбе облыстық білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ «Жұлдыз» МКҚК бөбекжай – бақшасында «Өсу нүктесі» құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні « Тәжірибе алмасу -педагогтың кәсіби өсуінің басты кепілі» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: Балабақша педагогтарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызу, шығармашылық ,ізденіс құзыреттілігінің деңгейін көтеру және балабақшаның білім процесінің нәтижесін көтеру.
⚜️Семинар барысында магнитті білім беру мекемелерінің педагогтары және «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының педагогтары өз іс- тәжірибелерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.
⚜️Семинар соңында іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтарды аудандық білім бөлімі басшысының марапатымен марапатталды.

KZ
